Экономика
IT, Технология
Windows 10 Microsoft операциялық жүйелерінің соңғы нұсқасы болмақ
Microsoft компаниясы Windows операциялық жүйесінің ірі релиздерін шығарудан бас тартуды шешті. Компания өкілі Джери Никсонның айтуынша, Windows 10 операциялық жүйелердің соңғы "ірі" нұсқасы болады.
Бұдан былай Microsoft операциялық жүйесін (ОЖ) жақсарту "ондық" үшін жаңартуларды шығару арқылы жүзеге асырылады. "Біз Windows-ты инновациялар жаңартулар арқылы тұрақты түрде енгізілетін сервис ретінде ұсынатын боламыз", - деп мәлімдеді Д.Никсон.
Компаниядағылар пайдаланушылар ОЖ-ның кейінгі шығарылымдарын күтпесе болатындығын айтты. "Ешқандай Windows 11 болмайды", - деді Microsoft-тың дамыту жөніндегі вице-президенті Стив Кляйнханз. Ол компания операциялық жүйенің "соңғы" екенін білдіру үшін, жаңа ОЖ-ны Windows 9 емес, әдейі Windows 10 деп атаған екен.
Оның айтуынша, бұған дейін Microsoft пайдаланушыларды Windows-тың жаңа нұсқаларына көшіру үшін көп күш жұмсаған. Жаңа тәсіл бұл проблеманы жоюға мүмкіндік береді.