Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Windows 10 операциялық жүйесінің жеті нұсқасы таныстырылды

Windows 10 операциялық жүйесінің жеті нұсқасы таныстырылды

Microsoft осы жылдың жаз айларында жарыққа шығарылатын Windows 10 операциялық жүйесінің барлық жеті нұсқасын да таныстырды. Бұл жөнінде компанияның ресми блогында жария етілді.

Жалпақ жұртқа арналған нұсқа - Windows 10 Home. Ол дербес компьютерлер мен ноутбуктердің көпшілігіне орнатылатын болады. Оның ішінде жаңа операциялық жүйенің көптеген қызметтері бар. Мәселен, Microsoft Edge браузері, Windows Hello адам түрін тану қосымшасы, Cortana виртуал көмекші секілді. Windows 10 Pro нұсқасы - шағын бизнеске лайықталған. Оның бұлтты технологиялармен жұмыс барысында және мәліметтерді қорғауға көмектесетін бірнеше қосымшалары бар. Ұялы телефондарға арналған Windows Phone нұсқасы Windows 10 Mobile болып өзгерді. Басты ерекшеліктері - Windows-тың фирмалық қосымшалары мен сенсорлы экрандарға лайықталған Office нұсқасы бар. Continuum for Phone арнайы опциясы телефоныңызды дербес компьютерге айналдыруға көмектеседі. Орта және ірі бизнеске арналған Windows 10 Enterprise ұжымдық ресурстарды басқаруға бағытталса, Windows 10 Mobile Enterprise сәйкесінше, смартфон не планшет арқылы бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасайды. Windows 10 Education — оқу орнының қызметкерлері мен оқушыларға арналған нұсқа. Windows 10 IoT Core банкомат, төлем терминалдары, өндірістік жұмыстар және т.с.с. құрылғылармен жұмыс істеуге бағытталған.  

Похожие материалы