2015 жылдың 27 тамызында Қазақстандағы Ядролық отын банкінің ресми түрде ашылу рәсімі өтеді. Бұл туралы еліміздің СІМ-і Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.
Шара МАГАТЭ басшысы мен ирандық ядролық бағдарламаны реттеуші "алтылық" елдері өкілдерінің және АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керридің қатысуымен өтеді. "27 тамызда Қазақстанда Халықаралық ядролық отын банкін құру туралы келісімге қол қою үшін МАГАТЭ-ның бас директоры Юкия Амано келеді. Сондай-ақ "алтылық" елдерінің өкілдерін (Ресей, АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай және Германия) де шақырдық", - деді Ыдырысов. Министрдің сөзінше, Яролық отын банкін құру Иранға өзінің төмен байытылған уранын Қазақстанға жіберуге мүмкіндік береді. "Бұл келісім (Иран мен "алтылық" арасындағы 14 шілде Венадағы келісімі) элементтерінің бірі еді. Вена шартына сәйкес Иран ол жерге төмен байытылған отынын жеткізе алады", - деп атап өтті ол. Еске салайық, осы жылдың шілдесінің ортасында МАГАТЭ Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құруға рұқсат берді. Банк Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында орналасады. Ұлттық ядролық орталықтағы Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры СергейЛукашенко обьект қауіп тудырмайды деп мәлімдеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024