Қытай 2014 жылы өңдеуші компаниялардың өндіруші қуатының артуына байланысты тазартылған мыс өндіру көлемін рекордтық көрсеткішке жеткізді деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Өткен жылы ел бойынша 7,96 млн тонна мыс өндірілген, бұл 2013 жылдығ көрсеткіштерінен 14%-ға артық.
Ал шикізатты қорытуға қатысты өндірістік қуат 13%-ға артып, 5,5 млн тоннаға жетті, қайта өңдеу бойынша 10% көлеміндегі өсу байқалып, 9,96 млн тоннаны көрсетті. Beijing Antaike Information Development Co. аналитиктерінің болжамы бойынша, 2015 жылы бұл көрсеткіштер 1,05 млн және 1 млн тоннаға артады.
Өткен жылы Лондондағы мыс бағасы 22%-ға түсіп кетті.
Қытай 2014 жылдың қорытындысы бойынша бастапқы алюминий өндіру көлемін 7,7%-ға (24,38 млн тоннаға дейін), мырыш өндіру ауқымын 7%-ға (5,83 млн тоннаға дейін) арттырды. Ал қорғасын өндіру 5,5%-ға төмендеп, 4,22 млн тоннаны көрсетті.