Қытайдың кинотеатр кассаларында жаңа рекорд орнады. Жаз айында кинотеатрлардан 4,7 млрд доллар пайда түскен. Бұл туралы The Hollywood Reporter басылымы хабарлайды.
Аталған сома өткен 2014 жылдың жылдық көрсеткіші болған болатын. 2015 жылы касса жинақтары 50 пайызға өсіп, әлемде Қытай нарығын бірінші орынға шығарды. Сарапшылар жыл соңына дейін кіріс 6 млрд долларға дейін жетеді деген болжам айтады.
Аспан асты елінде нағыз рекордтың орнауына «Форсаж 7» фильмі себеп болған. Оның көрсетілімі 390 миллион долларды құрады. Ал, екінші орынды ҚХР-дың «Охота на монстра» картинасы еншіледі. Одан түскен пайда 379 миллионға жетті.
Осындай жетістіктердің арқасында Қытай тенденциясы жақын арада кассалық жинақтары 10 млрд долларды құраған Солтүстік Американы қуып жетуі мүмкін.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024