Акциялары Шанхай биржасында саудаланып жатқан мыңнан астам қытайлық компанияның жалпы қарызы соңғы 12 ай ішінде 18 пайызға өсті. Бұл соңғы 3 жылдағы ең максималды көрсеткіш деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Енді қытайлық компаниялардың қарызы 868,3 млрд юань немесе 136 млрд долларды құрайды. Олардың қарызының нарықтық құнына қатынасы 123,1 пайызға жетті. 2010 жылы бұл көрсеткіш 88,7 пайыз деңгейінде еді. 11 компанияда 1000 пайыздан асады. Bloomberg мәліметінше, Шанхай биржасында тіркелген компаниялардың 16 пайызы соңғы 12 айда бір жыл бұрынғыға қарағанда 2 есе көп шығынға ұшыраған. Қытайда өндірілген тауарларға әлемдік сұраныстың азаюы экспортқа ыңғайланған компанияларға қосымша қысым түсіреді. Тамыз айында сыртқа сатылған қытайлық өнім көлемі екінші ай қатарынан төмендеді. Бұған тіпті ел билігінің экспортты қолдау үшін юань курсын төмендеткені де әсер ете алмады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024