Алматы. 28 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың соңына дейін қазақстандық кәсіпкерлер өз өнімдерін Jumore халықаралық сауда алаңы арқылы шығара алады. Бұл туралы "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы төрағасының орынбасары Нұржан Алтаев хабарлады.
Қазіргі уақытта ресурста 70 отандық компания өз өнімдерін ұсынып отыр.
Бұл электронды сауда алаңына шамамен мыңдаған қазақстандық тауарлар шығарылатын болады. Бұл алаңда қазір әлемнің 160 мемлекеті сауда жүргізіп отыр, компанияның сауда айналымы жылына 200 млрд долларды құрайды.
Jumore өкілдері Астана қаласында 3 күн бойы қазақстандық кәсіпкерлерге консультация жүргізеді.
Ұлттық палата төрағасының өкілі сауда компаниясымен 2017 жылы қазақстандық кәсіпкерлердің сауда алаңына тегін тіркелуі туралы келісім жасалғанын айтты.
Сонымен қатар, Jumore қытай компаниясы Астана қаласында сауда-логистикалық кешен ашуды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, Еске салсақ, бұған дейін ҰКП кәсіпкерлерге Jumore алаңы арқылы Қытай нарығына шығуды ұсынған болатын және отандық компаниялар Қытайдың Jumore электронды платформасына тіркелген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024