Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытай Ресейдегі стратегиялық кен орындарына бақылау жасауы мүмкін

Қытай Ресейдегі стратегиялық кен орындарына бақылау жасауы мүмкін

Ресей Қытайдың мұнай-газ кен орындарындағы үлестің 50 пайызынан астамын алу туралы өтінішті қарауға даяр деп мәлімдейді елдің вице-премьер Аркадий Дворкович Красноярдағы экономикалық форум кезінде.

"Әзірге ресей үкіметіне қытайлық инвесторлардан стратегиялық маңызы бар кен орындарына бақылау жасау туралы өтініштер түскен жоқ. Бола қалса тереңдете қараймыз, бірақ саяси кедергі көріп тұрғаным жоқ" - деді ол деп хабарлайды РБК.

Сондай-ақ, вице-премьер көптеген қытайлық инвесторлардың Ресейдегі ауыл шаруашылық, табиғи ресурстарды қайта өңдеу және транспортты-логистикалық салаларына да қызығушылық танытып отырғандығын атап өтті. "Біз тек сауда серіктестік қана емес, инвестициялық бөлімдегі үлкен қарқынның табалдырығында тұрмыз",-деп мәлімдеді Дворкович.

Вице-премьер Ресей үкіметінің мұнай компанияларына жалпы  салық салу режимін өзгертпейтіндігін хабарлады. Оның айтуынша, негізгі жұмыс қаржылай нәтижеге салық салуға байланысты жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, осыған дейін Ресейдің энергетика және қаржы министрлігі бірнеше кен орындарына тәжірибе ретінде жалпы қаржылай есебіне салық енгізу туралы реформа дайындау туралы тапсырма берілген еді. Егер тәжірибе табысты болса, жаңа өзгеріс пайдалы қазбалар табысының орнына салынатын болады.

Похожие материалы