Өзі қызмет ететін кассасы бар екі азық-түлік дүкені (селф-чекаут) Бейжің және Ханчжоу қалаларында тестілеуден өткен.
Сатып алушылар кассирдің жұмысын өздері орындайды. Яғни, азық-түліктерде жазылған QR-код-ты сканерлейді. Ақшасын төлейтін кезде олар ұялы телефондары немесе "адалдық қорапшасына" ақша салу арқылы төлем жасайды. «Бұл өте ыңғайлы. Меніңше, көп адамдар сатып алудың осы түріне көшетін сияқты», — деген ойымен бөлісті сатып алушылардың бірі. Бір жұмыс күнінде дүкен 16,7 юань тұратын (шамамен, 2,7 мың АҚШ доллары) тауарды сатқан. Бірақ, кассаға түскені 13,7 юань ғана. Дүкенде жұмыс істейтіндердің айтуынша, Бейжіңдегі тәулік бойы істейтін Ampm дүкендер желісінде жаңа форматта қолданған күні кей сатып алушылар тауар ұрлап, кейбірі ақшасын азырақ төлеген. Сатушысы жоқ дүкендер Қытайдың өзге де аймақтарында жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде, Цзилинь солтүстік-шығыс провинциясында және Шаньдун шығыс провинциясында. Vanguard ритейлері жетекшілерінің бірі селф-чекаут жүйесі көптеген шет елдерде кең қолданысқа ие боп келеді. Себебі, кезекте тұрмайтындықтар уақыт үнемделеді. Ол алдағы уақытта мұндай дүкендердің саны артады деп үміттенеді.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024