Цзянсу (Қытай) провинциясында жақында ғана 3D-принтер көмегімен жасалған көп қабатты үйлердің көрмесі ашылды деп хабарлайды architizer.com.
Өткен жылы он шағын біркелкі ғимаратты ұсынған Shanghai Winsun компаниясы осы жылы үш қабатты зәулім үй мен бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйді көрермендерге көрсетті. Екі ғимарат та әзірге көрмелік болып табылады, олар іштей безендірілмеген және экспозициялық аймақта иық тірестіріп тұр. Зәулім үй аумағы 1100 шаршы метрді құрайды. Ол балкон және бағаналармен көркемделген. Көп пәтерлі үйдің тартымдылығы аздау, бірақ ол 3D-принтер көмегімен қолжетімді тұрғын үй енгізуге болатынын көрсетті. Арнайы 3D-принтер биіктігі 6.4 м, ал ені 9.75 м болатын бөлшектерді дайындап шығарады. Оған қоса, баспа материалы ретінде қайта өңделетін құрылыс қалдықтарының, әйнек, болат және цемент қоспасы қолданылады. Олар үй қабырғасы қажетті қалыңдыққа жетпейінше «сия» сияқты қабат-қабатымен жағылады. Осы сияқты ең шағын құрылыстардың бағасы АҚШ аумағында 150 мың доллар тұрады. Қомақты бағасына қарамастан WinSun компаниясы мұндай құрылыс үшін көптеген тапсырыс алып үлгерді.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024