Қытайда элиталы тауарларға деген сұраныс азайды. Өткен жылы Қытайда люкс санаттағы тауарларды тұтыну мөлшері 1%-ға азайған. Оның бірден-бір себебі елдегі жемқорлықпен күрестің басталуы. Осы тексеріс әсерінен қалталы азаматтар өз қаржысын жұмсауды әлдеқайда төменденткен. Бұған дейін қытайлық азаматтардың элиталы заттарға деген сұранысы жоғары болатын. Бағалы тауарларды тұтыну 2012 жылы 2%-ға, 2013 жылы 7%-ға жоғарылаған-ды.
Сұраныстың бұлай төмендеуінің тағы бір себебі, шетел тауарларына салынатын баж салығының брендтік өнімдерге байланысты өсуі(65%). Осының әсерінен тұрғындардың 70%-ы тауарды елден емес, шетелден алып жүрген. Десе де 2014 жылдың өзінде қытайлықтар элиталы тауарларға 19 миллиард доллар көлемінде қаржы жұмсаған. Bain & Company консалтингтік компанияның болжамы бойынша, алдағы уақытта дүние жүзіндегі бренд тауарларының бестен бірі аспан асты елінде сатылуы мүмкін.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024