Қытайда наша тасымалдағаны үшін өмір бойы бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары қытайлық сот үкімінің үстінен шағым түсірмекші. Бұл туралы ҚР СІМ-нің арнайы тапсырмалар бойынша елшісі Алтай Абибуллаев мәлімдеді деп жазады informburo.kz
Қытайлық соттың шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Ақжарқын Тұрлыбай қорғаушысының апелляциялық шағым түсіру үшін уақыты бар. Алтай Абибуллаевтың сөзінше, қазақстандық бойжеткен жақын арада елімізге экстрадициялануы мүмкін. Бұған халықаралық келісімдер себеп. "Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасқа байланысты 2011 жылы екі ел арасында қамалған адамдарды айырбастау туралы келісімге қол қойылған. 2013 жылы ел парламенті бұл құжатты заңдастырды", - деді дипломат. Бірақ қытайлық жақ әлі аталған келісімді ратифициялаған жоқ. Атап өтейік, Абибуллаевтың ақпараты бойынша, Ақжарқын Тұрлыбай өзін жақсы сезінеді. Оның мүддесін қазақстандық адвокаттар қорғап жатыр. Еске салайық, Қытайға шыққан алғашқы сапарында 20 жастағы қазақстандық бойжеткен 3 наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оның сөмкесінен қытай полицейлері есірткі тапты. Қыздың қорғаушылары сот шешімі үстінен шағым түсірмекші.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024