Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қытайдың қаржы нарығындағы жағдайдан азиялық хедж-қорлар 10 млрд доллар жоғалтты

Қытайдың қаржы нарығындағы жағдайдан азиялық хедж-қорлар 10 млрд доллар жоғалтты

Қытай нарығына акция инвестициялайтын хедж-қорлар осы жылдың шілдесінде үлкен шығынға тап болды. Hedge Fund Research (HFR) зерттеу компаниясының мәліметінше, 10 млрд долларға жуық қаржы жоғалтқан. HFRI China индексі 7,7 пайызға төмендеді.

Аталған динамика азиялық қорларға капитал келуде түбегейлі өзгеріс болғанын білдіреді. Олар 10 млрд доллар жоғалтардан бұрын 2015 жылдың басындағы жалпы инвестицияларының көлемі рекордты 126,3 млрд долларға жеткен еді. Hedge Fund Research президенті Кеннет Хайнцтың сөзінше, қытайлық қаржы нарықтары үлкен қысым астында қалып отыр. "Қазіргі жағдайда тек шығындар ғана болып қоймайды. Өтімділіктің жетіспеуі, құрылымдық және саяси мәселелер тәрізді проблемалар туындайды. Бұл - 2007 жылдан бергі Қытайдың қор нарығындағы ең үлкен құлдыраудың бірі. Мұндай қиын жағдайда көптеген инвесторлар мен нарық қатысушылары позицияларын жауып, шығындарын тіркеуге мәжбүр", - деді ол.

Похожие материалы