2017 жылдың 8 тамызында Қытайдың Сычуань провинциясында 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 21.19-да тіркелді. Дүмпу магнитудасы 6,5 балл болды. Бірақ кейіннен Қытай сейсмология орталығы магнитуданың 7 балды құрағанын хабарлады.
Жер сілкінісі ішінде 3 мыңға жуық адамы бар қонақүй ішінара бұзылды. Сычуань провинциясының өрт сөндіру қызметі жер сілкінісінен қонақүйдің қабылдау бөлімі орналасқан бөлігі қирап, бірнеше адамды басып қалғанын, бірақ қонақүйде болған 2800 адам қауіпсіз жерге шығарылғанын айтады.
Зілзала Сычуань провинциясының Гуаньюань қаласынан солтүстік-батысқа қарай 200 шақырым қашықтықта, халық аз қоныстанған аймақта болған.
Жел сілкінісінің ошағы туристер көп баратын Цзючжайгоу ұлттық паркіне де жақын болған.
Ресми Xinhua агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың батысындағы Цзючжайгоу уезінде 31 мың 500 турист эвакуацияланған. Ал табиғат апаты болған жерге жақын орналасқан Цзюхуан әуежайынан 600 турист эвакуацияланды.
Соңғы деректер бойынша, зілзала салдарынан 13 адам қаза тауып, 175 адам жарақаттанды. Оның ішінде 100 адам турист. Ал қаза тапқандардың ішінде алты турист бары анықталды.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024