2 ай ішінде Қытай нарық айналасындағы барлық қозғалысты бақылауға алуға тырысты. Енді жағдайды бақылаудан шығарып алуға қатысты қауесетті нақтылайтын адамдардың барлығын қамауға алуға тырысып жатыр деп жазады vestifinance.ru.
Еске салайық, маусымда қытайлық қор нарығы ең ұзақ өсімін тоқтатып, төмендей бастады. Қытайлық қаржы корпорациясына (China Securities Finance Corp., CSFC) нарықты қолдау үшін 1 трлн юань берілді. 20 маусымда Caijing журналы CSFC-тың нарыққа қатысуын тоқтатуы нарықтағы дүрбелеңге және Shanghai Composite индексінің төмендеуіне әкелді деп жазған еді. Бұл болжам Қытайдағы фьючерстердің құлдырауына себеп болды, бірақ өте қысқа уақыт ішінде ҚХР-дағы құнды қағаздар нарығын реттеуші Комиссия (China Securities Regulatory Commission, CSRC) Caijing хабарламасы "жай ғана қауесет" деген мәлімдеме жасады. Осы туралы материал жазған журналисті "акциялар мен фьючерстердің саудасы туралы нақтыланбаған ақпарат таратты" деген айыппен қамауға алды. Бұған дейін, өткен айдың басында Пекин қаржы нарығындағы жағдайға қатысты "апат" және "құтқару" деген сөздерді қолдануға тыйым салған еді. Сондай-ақ, журналистерге "нарықта дүрбелең тудыратындай жалған ақпарат таратпас үшін" тікелей билікпен кеңесіп отыруға кеңес берді. Дегенмен қазіргі қамау қаржылық журналистермен соғыстың күшейгендігін білдіреді. The South China Morning Post басылымының бас редакторының сөзінше, қазір іскерік журналист болу үшін үлкен тәуекел қажет. Дегенмен зардап шеккен тек журналистер ғана емес. Апта басында Қытайдың инвестициялық банкинг сферасындағы ең табысты компания CITIC Securities-тың бас директоры Сюй Ган қамауға алды. Оны және CITIC қызметкерлерін жалған құжат және мөр дайындап, заңсыз сауда жасады деп айыптап отыр. Кейбір нарық қатысушыларының сөзінше, CITIC билікке ұнамайтын келісім-шарт жасамақшы болғандықтан, осындай жағдай орын алып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024