Алматы. 29 мамыр. 7kun.kz - Klassik-2 компаниясы шекара арқылы Кеден одағынан заңсыз 1,127 млрд теңге көлемінде тауар өткізген деп хабарлайды Мемлекеттік кіріс комитеті.
Оның ішінде декларацияда көрсетілмеген өнім бағасы 305 млн теңгені құрайды. Компания төрағасы Новруз Бархударовты Қазақстанның Жоғарғы Соты Қылмыстық кодексінің 234 бабы, 2 –ші бөлімі, 1,4,5 тармақтары бойынша (экономикалық контарабанда), 385 бап, 2 және 3 бөлім бойынша (жасанды құжат жасау және пайдалану), 58 бап, 2 бөлім бойынша қылмыскер деп танылды. Новруз Бархударовқа 3 мың МРП көлемінде айыппұл салынды және контрабандық тауарлары тәркіленеді.
Тергеу барысында 2015 жылдың 1-28 тамыз аралығында Klassik-2 компаниясы Қытайдан Қазақстанға 37 жүк көлігі жасанды құжатпен тауар тасығаны анықталған. «Достық» кедені арқылы 15 теміржол вагондарына шамадан артық тауарлар тиелген. Және оның біраз бөлігі еш салықсыз, заңсыз Қазақстан жеріне келген. Ол вагондарды Ақтау қаласының Мемлекеттік кіріс комитеті ұстаған.
Барлық тауарларға компания қызметкерлері жалған мөрмен құжаттар дайындап отырған. Тауардың салмағы, бағасы және саны өтірік көрсетілген жасанды коммерциялық және транспорттық құжаттарды Klassik-2 компаниясының қызметкерлері Кеден одағына көрсетіп келген» ,- дейді Мемлекеттік кіріс комитеті.