Алматы. 19 маусым. 7kun.kz - Қытайдан Қазақстанға сәлемдеме жеткізу уақыты екі есе қысқарады. Бұл туралы «Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторы мен қытайлық China Post Group компаниясы өкілдерінің кездесуінде айтылды.
«Электрондық коммерция нарығының әлемдегі жыл сайынғы өсу қарқыны 30%-дан астам және негізгі өсу драйверлерінің бірі қытай интернет-алаңдары. ҚР кіріс поштасының жалпы көлеміндегі Қытайдан келетін сәлемдемелердің үлесі 60%-дан артық және жылдан-жылға артып келеді. Егер 2014 жылы ол 2,5 млн. данаға жеткен болса, ал 2015 жылы 3,6 млн. данаға дейін өсті, бұл көрсеткіш өткен жылы 4 млн. дананы құрады. Біз 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы пошта көлемінің 2016 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 2 есе өскендігін бақыладық (0,8 млн. данадан 1,6 млн.-ға)», – деп атап өтті Қазпошта басшысы Сәкен Сәрсенов.
«Сәлемдемелерді жеткізу мерзімі тұрғысында да дамуға ниеттіміз және алдағы күндері сервис сапасын арттыру үшін Қытай тарапына да мерзімді екі есе қысқартуға ұсыныс жасадық және ҚХР-да қабылданған сәтінен бастап, Қазақстанда берілген сәтке дейін шамамен 18 күн болады», – деді ол.
Сондай-ақ қытайлық тарапқа трекинг сервисін жақсарту және екі ел поштасының арасында 100% АТ-интеграция жүргізу, EDI оқиғалары электрондық деректерін жөнелтуші мен алушының мекенжай деректерімен алмасуды жолға қою ұсынылды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024