Кәсіпкерлер палатасы: 2015 жылы аймақтық кәсіпкерлерге айрықша назар аударылады
2015 жылы Қазақстанның ұлттық кәсіпкерлер палатасы президенттік "Нұрлы жол" жоспарының басты бағыттарын атқарушылардың бірі болып, сонымен қатар "Бизнестің жол картасы" мен өнеркәсіп жоспары аясындағы жұмыстарды іске асырады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен CFO Idea Exchange&Networking Event саммитінде Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева хабарлады.
Кәсіпкерлер палатасының өкілі палата енгізген Кәсіпкерлерді қолдау орталығы (КҚО) құралының халық арасында танымалдығы артып келе жатқандығын айтады. Мысалға, Қарағандыда ашылған КҚО сайтын 2 мың адам қараған екен. Осылайша, аймақтарда кәсіпкерлікке деген қызығушылық жоғары екендігі байқалады.
"Біз КҚКО (Кәсіпкерлерді қызмет көрсету орталығы - 7kun.kz) КҚО-ларды одан әрі дамытамыз. Солардың негізінде Кәсіпкерлер мектебі жұмыс істейді. Қазіргі қызығушылық деңгейіне сүйеніп отырып, біз осы жылы біздің құралдарымызға жүгінетіндердің саны екі, бәлкім, үш есе артады деп ойлаймыз", - деп мәлімдеді Ю.Якупбаева.
Бұған қоса, Юлия Якупбаева 2014 жылы Кәсіпкерлер палатасы төрт негізгі бағытта жұмыс істегендігін айтты, атап өтсек: біріншісі - кәсіпкерлік ортаны жетілдіру, екіншісі - бизнеске көрсетілетін қолдауға талдау және мониторинг жүргізу, үшіншісі - адам капиталының дамуы, төртіншісі - қаржылық ресурстарға деген қол жетімділік мәселесі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024