Алматы. 9 ақпан. 7kun.kz – БҰҰ-ның Халықаралық Балалар қоры Ирактағы бүлінген ауруханалар мен емханаларды қайта қалпына келтіру үшін әлем қауымдастығын 17 млн доллар қаржы бөлуге шақырды, деп мәлімдеді kazislam.kz.
Үндеу осы мемлекетке қатысты Кувейтте өтетін халықаралық конференция алдында жасалды. Мамандардың айтуынша, бұл лаңкестерден бас сауғалап, босып кеткен тұрғындардың үйлеріне оралуына қажетті алғы-шарттың бірі. Мысалы, арнайы операция жүргізілген Мосул қаласында ауруханалардың тек 10 пайызы ғана аман қалған. Осы аймақта 750 мың бала дәрігерлік көмекке мұқтаж. Жалпы ресми дерекке сүйенсек, қазірге дейін 2 жарым млн-нан астам адам үйіне оралмаған. Ал, ел билігінің мәлімдеуінше, қақтығыстан берекесі қашқан мемлекетті қалпына келтіру үшін 100 млрд доллар қаржы қажет екен.
"Бүгінде 1 млн 600 мың тұрғыны бар Мосул қаласы да, ондағы ауруханалар да лаңкестерден азат ету кезінде қатты қирап бүлінген. Тек кей ғимараттар ғана аман қалған. Бірақ онда ешқандай қызмет көрсетілмейді", - деді Ирактағы ЮНИСЕФ өкілі Питер Хокинс.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024