Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Юрий Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Юрий Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып Юрий Ильин тағайындалды деп хабарлайды Today.kz

Бұдан бұрын Ю. Ильин Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған болатын. Юрий Ильин 1968 жылы дүниеге келген. Алматы жоғарғы командалық училищесін бітірді. Командалық лауазымы бойынша КСРО Әскери күшінде және Украина ТЖМ-да қызмет істеді. 1992 жылы Қазақстанның ТЖМ-на келді. 2013 жылы Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін Алматыдағы мобильді дайындау басқармасын басқарды және ТЖ департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. Еске салайық, бұдан бұрын Алматы әкімі Бауыржан Байбек болып тағайындалғаннан кейін жаңа кадрлық өзгерістер болды. 16 қазан күні қала әкімі жаңа орынбасарлары ретінде Арман Қырықбаев пен Әсел Жүнісованы тағайындады. Сондай-ақ, ҚР Президенті Протоколының бұрынғы бастығы Румиль Тауфиков Алматы әкімінің орынбасары болды.

Похожие материалы