Қызылорда. 29 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылы Қызылорда облысында компьютерді пайдаланушылар үлесі жалпы халық санының 79,7%-ын құрады. Бұл туралы облыстық статистика департаменті хабарлады.
Сонымен қатар, облыс халқының 95,2%-ы компьютерді меңгергендер қатарында. Облыс аумағындағы тұрғын үйлердің 96,9 пайызы үшін интернет желісі қолжетімді. Ал ғаламторға кең жолақты қосылу үлесі 62,1%. Зерттеу нәтижесінде 65,4% респондент ғаламторды әлеуметтік желілерге кіру үшін қолданатынын көрсетсе, 49,2% ақпарат орналастыру, хабарламалар алмасу мақсатында пайдаланатынын айтқан. Ғаламтордағылардың тең жартысы түрлі фотолар мен фильмдер көріп, ойындар жүктейтін болып шықты. Ал тауарлар мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет туралы мәлімет іздейтіндер қатары 30 пайызды құрады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024