Қызылорда. 19 шілде. 7kun.kz - «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығындағы облыстық Әділет департаменті басшысы Балайым Кесебаева биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер беру мақсатында брифинг өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы Әділет департаменті өзіне қойылған міндеттер мен мақсаттарды өз деңгейінде орындап келеді. Қызылорда облысының әділет департаменті өзіне жүктелген міндеттер аясында жартыжылдықта бірқатар ауқымды іс-шаралар атқарылды. «ҚР Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін айтуға болады.
«Осы жылдың қаңтарынан бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін «Электронды үкімет» веб-порталында тіркеу өтінішті берген кезден бастап 1 сағатқа қысқартылды. Ал бұрын 1 күн мерзім болып белгіленген болатын, деді Б.Кесебаев. – Бұрынғы Заң бойынша мемлекеттік тіркеуден өту және қызметін тоқтатуды тіркеу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері 3704 теңге, ал орта кәсіпкерлік субъектілері 12038 теңге төлеп келсе, жаңа Заңнамалық норма бойынша бұл мемлекеттік баждар мүлдем алынып тасталды. Сол сияқты шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін 100 теңге жарғылық капиталының талап етілуі жойылып отыр».
Сонымен қатар жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғалар үшін бұрын мөр жасату міндетті шарттардың бірі болса, бұл талап та алынып тасталды. Демек, елімізде жыл сайын кәсіпкерлерге жасалып жатқан оңтайлы жағдайлар аз емес.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024