Қызылорда. 29 мамыр. 7kun.kz - "Қорқыт-ата" халықаралық әуежайында бағытындағы жаңа рейстің салтанатты ашылуы болды. Бұл жөнінде Airport Management Group басқарушы компаниясы хабарлады.
Рейстер "Трансаэро" әуекомпаниясы арқылы аптасына үш рет (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) жүргізілетін болады. "Қорқыт-атадан" 08:55-те ұшқан жолаушы Мәскеуге 09:40-та (Мәскеу уақытымен) болады. Басқарушы компанияның айтуынша, ұшу Boeing 767-800 әуе кемесімен орындалады. Эконом-класпен барып-қайту бағасы - 47 мың теңгеден басталады.
"Облыста 70-ке жуық қазақ-ресей бірлескен кәсіпорындары бар. 300-ге жуық қызылордалық түлектер Ресейдің ЖОО-ларында білім алады. Сол себепті тұрғындар үшін Мәскеуге тіке қатынайтын рейстің ашылғаны үлкен қуаныш сыйлап отыр", -деді ашылу барысында сөйлеген сөзінде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев.
Қызылорда әуежайы 2014 жылдың 24 қазанында халықаралық дәрежесін алды. Қазіргі таңда көптеген халықаралық рейстерді жүзеге асырып жатыр. 2016 жылы әуежайдың аумағында жаңа жолаушы терминалы салынады деп жоспарлануда. Ол терминад сағатына 250 жолаушыға қызмет ететіндей етіп есептелген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024