Қызылорда. 23 желтоқсан. 7kun.kz - 2015 жылы Қызылорда облысында аграрлық саланы дамытуға 8,2 млрд теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жылдың 10 айының қорытындысымен ауыл шаруашылығы саласына салынған инвестиция көлемі өткен жылмен салыстырғанда 8,8 есеге өсті.
Облыс республика бойынша негізгі күріштің 90 пайыз өндіреді. Соңғы 3 жылда күріштен рекордтық өнім жиналды (50,5 ц/га). Негізгі күріш дақылының өндірісі 49,3 пайызға артты. Күріштен басқа дақылдарды егуге, оларға бөлінетін субсидияларды көбейтуге баса назар аударылды. Мал азығындық және майлы дақылдарды егу және өндірілген өнім көлемдері артты.
Мал шаруашылығын дамытуға тұрақты түрде қаржылай қолдау көрсетілудің нәтижесінде төрт түлік малдың басы біршама өсіп, өнім өндіру тұрақтанып келеді.
Облыс бойынша ағымдағы жылдың 10 айына 259,9 мың бас мүйізді ірі қара, 613,4 мың бас қой мен ешкі, 93,0 мың бас жылқы, 37,5 мың бас түйе, 2,5 мың шошқа және 95,2 мың бас құс өсірілуде.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 0,2, қой мен ешкі 3,7, жылқы - 10,4, түйенің саны- 5,9 пайызға көбейді. Сондай-ақ, ет өндіру (тірілей салмақта) 2,4, сүт өндіру - 2,1 пайызға өсіп отыр.
Фото: kyzylorda.gov.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024