Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасы жүзеге асқаннан кейін балық аулау көлемі 17 мың тоннаға жетуі мүмкін. Бұл туралы Қызылорда облысында өткен төртінші балықшылар слетінде айтылды, деп хабарлайды 24.kz
«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және солтүстік Арал теңізін сақтау» жобасы тұралап қалған балық шаруашылығын дамытқаны сөзсіз. Кезінде тұз татып, балықсыз қалған теңізден бүгінде жылына 8 мың тонна су маржаны сүзіледі. Ал аймақтағы 8 балық өңдеу зауытының жылдық қуаты 11 мың тоннаға жетті. Сыр өңірінің балық экспорты жылына – 4 мың тонна.
Осы жетістікке сүбелі үлес қосқан сала мамандары слет барысында ескерусіз қалған жоқ. Арал теңізінің өткені мен бүгіні фотокөрме аясында көпшілік назарына ұсынылды. Бүгінгідей озық технологияның жоқ кезінде балықшылардың қолданған құрал-саймандары да көрме төрінен орын алды.
Жалпы қазір Арал балығы Еуропа мен Азияда ерекше сұранысқа ие. Тіпті Ресейдің ең үлкен балық өңдеу зауыты да шикізатты Қызылордадан сатып алады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024