Өткен жылы Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешеніне жергілікті бюджеттен 8 млрд теңге бөлінген еді. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда, 47 пайызға көп.
Сонымен бірге, өткен жылы жалпы егіс аумағы 158,4 мың га боған. Бұл жөнінде облыстық ауыл шаруашылық басқармасы төрағасының қызметін атқарушы Талғат Бекішев брифингте айтып өтті.
«Өткен жылы тұқым даярлау барлық талаптарға сай жүргізілген еді. Міне, сол еңбектің нәтижесі өз жемісін беріп отыр. 371 мың тонна астық жиналды, ал бұл болса, 2013 жылмен салыстырғанда 32, 7 мың тоннаға артық», - дейді Т. Бекішев.
Айта кетерлік жәйт, ауылшаруашылық саласының осы аграрлық науқанында жалпы құны 6,9 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жоба жүзеге асатын болады.
«АгроЭкоПродукт» ЖШС Қызылордада 5,7 га аумақты қамтитын өндірістік жылыжайдың құрылысын бастаса, «Жан-Арай» ЖШС осы жылы облыс орталығында қуаты 12 т/сағ болатын күріш өңдеу зауытын іске қосуды жоспарлауда деп хабарлайды облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024