Қызылорда. 18 ақпан. 7kun.kz - Осы жылдан бастап Қызылорда облысы сұранысқа ие мамандықтарды тегін оқытуды бастайды. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев халық алдындағы есепті кездесуінде баяндады, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Н.Назарбаев тапсырмасы бойынша 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап тегін кәсіптік-техникалық білім жобасы іске асатын болады.
«Нарық сұранысын ескере отырып, мамандарды тегін дайындауға кем дегенде 1500 мектеп бітірушіні, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қатарынан 1300 адамды тартатын боламыз. Облысымызда құрылатын жаңа өндірістер есебінен экономиканың перспективалы секторлары үшін кадрлар дайындауға басымдық берілетін болады»,- деді облыс әкімі.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024