Қызылорда. 25 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылдың қаңтарында Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы - 2774,6 мың АҚШ долларын құрады. Бұл туралы облыс статистика комитеті хабарлады.
2016 жылғы көрсеткіш 2015 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 4,4 %-ға аз, соның ішінде экспорт – 1058,4 мың АҚШ доллары (48,1%-ға көп), импорт – 1716,3 мың АҚШ доллары (21,5 %-ға аз).
Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (тұз – 43,2% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне, табиғи құмдар – 5,4%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар (күріш – 31,6%, жас немесе мұздатылған балық 0,8%), пластмассадан жасалған құбырлар – 18,9 % құрады. ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 25,4%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (18,7%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (27,4%), мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар (11,9%), тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары (10 %), минералды өнімдер (0,5%), ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары (2,1%) әкелінді.
Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы млн АҚШ доллары* | |||
2016 жылғы қаңтар | 2015 жылғы қаңтар | % | |
Барлығы | 2774,6 | 2901,6 | 95,6 |
экспорт | 1058,4 | 714,5 | 148,1 |
Ресей | 1001,4 | 714,5 | 140,2 |
Қырғызстан | 57,0 | - | - |
импорт | 1716,3 | 2187,1 | 78,5 |
Ресей | 1704,0 | 2171,8 | 78,5 |
Беларусь | - | 15,3 | - |
Қырғызстан | 12,3 | - | - |
*алдын ала деректер. |
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024