Қызылорда. 25 желтоқсан. 7kun.kz - Қызылорда облысы экономикасындағы өңдеуші сектор үлесі артып келеді, деп мәлімдеді бүгін ОКҚ брифингінде өңір әкімі Қырымбек Көшербаев. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
«Егер 2012 жылы өңдеуші сектор үлесінің өсуі бізде жалпы өнімде 4,5%-ды құраса, бүгінде ол 13,5%», - деді Қ.Көшербаев.
Осылайша, 3 жылда өңірде 120,2%-ға өңдеуші өнеркәсіп өсімі байқалған. Сонымен қатар, аталған кезеңде еңбек өнімділігінің деңгейі 4,5 есеге өсті.
«Бәйтерек» холдингі, Қазақстанның инвестициялық қоры және шетелдік инвестордың қатысуымен шыны зауытының құрылыс жобасы жүзеге асырылуда. Нысанды 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында пайдалануға беру күтілуде.
Бұдан өзге, әкімнің мәліметінше, Арал қаласында кальцинирленген сода өндірісін іске қосу жоспарланған.
Фото: oskemen.info
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024