Бизнес ашу – психологиялық көзараспен қарағанда өте қиын әрі салмақты шешім. Ол үшін алғашқы капитал, инвестор және білім болу міндетті. Алайда кейде шабыт пен жігер өте қажет болады. 7күн арманындағы компаниясын құруға бір қадам ғана жетпей тұрғандар үшін керемет мотивациялық құрал ұсынады.
«Бюджетсіз стартап» (Стартап без бюджета, түпнұсқасы - The Toilet Paper Entrepreneur).
[caption id="attachment_65940" align="alignnone" width="332"] Фото: mann-ivanov-ferber.ru[/caption]Авторы: Майк Микаловиц.
Не туралы: Кітапта автор өзінің бизнес-тарихын, идеяларын және бизнес-моделін дәретхана қағазымен салыстырады. Майк Микаловицтің айтуынша, табысқа жету үшін әжетхана қағазының бір бумасы қажет емес. Тек үш парақ болса жеткілікті. Яғни, өзің мен өз идеяңа сену, көп жұмыс істеу және мақсатынан таймау. Ол бұларды кез келген кәсіпкер үшін ең басты құралдар деп есептейді.
Бестселлерде қомақты қаражатсыз-ақ жеңіске жетуге болатыны туралы жазылған.
Қайдан сатып алуға болады: Алматы қаласында «Книжный город» дүкенінде сатылымда әзірге бір нұсқасы бар. Оны сатып алу үшін тікелей дүкенге барып немесе интернет-сайтынан тапсырыс бере аласыз. Сонымен қатар, тапсырысты meloman.kz, flip.kz, bookcity.kz, spr.kz сайттарынан да беруге болады. Қызметкерлер сізге кітапты Ресейден 14 күнде жеткізіп береді. Егер тауар көлемі 10 мың теңгеден жоғары болса, 50 пайыз алдын-ала төлем жасайсыз.
Бағасы: 4800 теңге
«Асқабақ тәсілі. Өз ісіңде бюджетсіз қалай көшбасшы болуға болады» (Метод тыквы. Как стать лидером в своей нише без бюджета)
[caption id="attachment_65941" align="alignnone" width="313"] Фото: bookfb2.ru[/caption]Авторы: Майк Микаловиц.
Не туралы: Кітап өзгеше бизнес-стратегия туралы. Авторды фермерлердің әулиелер күніне арнап ең үлкен асқабақтарды өсіріп жатқандығы шабыттандырды. Бюджетсіз стартапдың жалғасы сияқты, тек тақырыпты тереңдете ашады. Майк Микаловиц шағын кәсіпорынды қалай жетекші компанияға айналдыру туралы жазады. Аса ірі шығынсыз-ақ үлкен штат құра білуді үйретеді. Жазушы туризмнен бастап, заңгерлікке дейін әр түрлі индустрияларға мысал келтірген.
Қайдан сатып алуға болады: Алматы қаласы бойынша кітап дүкендерінде сатылымда жоқ. Бірақ жеткізушілер арқылы тапсырыс беріп, 4-5 аптада кітапқа ие боласыз.
Бағасы: 4700 тенге.
«Арманда, құрастыр, өзгерт!» (Мечтай, создавай, изменяй!)
[caption id="attachment_65942" align="alignnone" width="315"] Фото: .litmir.net[/caption]Авторы: Сара Лейси
Не туралы: Кітап кәсіпкерлікті жаңаша қырынан көрсетеді. Сара Лейси Израиль мен Үндістан, Қытай мен Индонезия және Бразилия мен Руанда мемлекеттері туралы айтады. Мұндағы тұрғындар дамыған елдерге беймәлім көптеген қиындықтарға кездесіп жатады. Олардың көбінің бизнестен бұрын тіпті жоғары білімі жоқ. Бірақ ол адамдардың сенімі, әлемді жақсартуға талпынысы мен үздік идеялары бар. Соның арқасында, олар табысты компаниялар құрып, өздерінің ғана емес айналасындағылардың да өмірін өзгертті. Кітапта, осы оқиғалар баяндалады.
Қайдан алуға болады: «АкадемКнига» дүкенінде кітаптың бірнеше данасы қалды. Ал «Книжный Город» дүкенінде таусылды. Дегенмен арнайы тапсырыс беруге болады.
Бағасы: «АкадемКнига» дүкенінде - 3650 теңге, ал «Книжный Город» дүкенінде - 4800 теңге.
«100 долларлық стартап. Сүйген ісіңмен айналысып, жаңа болашағынды құр» (Стартап за $100. Создай новое будущее, делая то, что любишь)
[caption id="attachment_65943" align="alignnone" width="342"] Фото: the-village.ru[/caption]Авторы: Крис Гильбо
Не туралы: Кітап қалай еркіндікке ие болу туралы. Ой еркіндігі және қаржы еркіндігі. Қалаған дүниеңді қалаған жеріңде жүзеге асыру және өзіңе еркін жұмыс кестесін құру туралы. Автор әр елде офисі бар корпорация құруды емес, тәуелсіз мансап ашуды айтады. Соңында компания құру үшін адамдарды амбициясы ғана емес, өз қалауымен айналысқысы келетін қарапайым арманы жігерлендіреді. Ал бизнесіңді бастау үшін 100 доллардың өзі жетіп жатыр дейді. Гильбо айтқан кәсіпкерлердің қолынан бұл келді.
Қайдан сатып алуға болады: Қазіргі уақытта Алматының біршама дүкендерінде бұл кітап жоқ екен. Дегенмен арнайы тапсырыс берсеңіз, сізге 14 күн ішінде Мәскеуден жеткізіп береді.
Бағасы: 4900 тенге
«Дипломсыз миллионер» (Миллионер без диплома)
[caption id="attachment_65946" align="alignnone" width="342"] Фото: the-village.ru[/caption]Авторы: Майкл Эллсберг
Не туралы: Қазіргі уақытта табысқа жетуді беделді ЖОО-ның дипломымен байланыстырған дұрыс емес. Тіпті элиталы бизнес-мектептің дипломы да сенің сәтті бизнес ашуыңа кепіл бермейді. Эллсберг кез келген жағдайда табысқа жетудің қыр-сырын айтады. Мұның барлығын үйрену үшін бірнеше жыл уақыт пен қомақты қаражат кетіру қажет емес. Миллионерге қажетті білім бағдарламасын Майкл Эллсбергтің кітабынан оқи аласыз.
Қайдан сатып алуға болады: Қазіргі уақытта Алматының біршама дүкендерінде бұл кітап жоқ екен. Дегенмен арнайы тапсырыс беру арқылы сатып ала аласыз. Алдын-ала төлем мен жеткізу бағасы тауардың құнына байланысты.
Бағасы: «Меломан» дүкенінде 4650 теңге, «Книжный Город» дүкенінде 4900 теңге.
«Білім талантқа қарсы» (Образование против таланта)
[caption id="attachment_65947" align="alignnone" width="345"] Фото: books.ru[/caption]Авторы: Кен Робинсон
Не туралы: Бұл кітаптың тақырыбы Эллсбергтің ойымен ұштасады. Робинсон қабілетті адамдар көп болса да, неге барлығы сүйікті ісімен айналыса алмайтыны туралы жазады. Көбі жетілмеген білім жүйесінің кесірінен өз қабілеттерін аша алмайды дейді. Кітапта жігерлендіретін оқиғалар көп. Мысалы, автор мүмкіндігі шектеулі адамдардың қандай үлкен табысқа жеткендігі туралы әңгімелейді. Сонымен қатар, бизнестегі шығармашылық бастаулар туралы да айтады. Мысалы, Pixar студиясы. Онда кез келген қызметкер қалауы бойынша, бейнелеу өнері курсын оқи алады. Компания курстың заңгерден бастап, тіпті күзетшіге де пайдалы екеніне сенімді.
Қайдан сатып алуға болады: Кітап Алматының біршама дүкендерінде тапшы. Бірақ арнайы тапсырыс беру арқылы сатып ала аласыз. Алдын-ала төлем мен жеткізу бағасы тауардың құнына байланысты.
Бағасы: 4700 теңге
«Бақыт әкелу» (Доставляя счастье)
[caption id="attachment_65948" align="alignnone" width="331"] Фото: mann-ivanov-ferber.ru[/caption]Авторы: Тони Шей
Не туралы: Zappos аяқ киімдерінің интернет-дүкенінің негізін салушы Тони Шей өз компаниясын қалай құрғандығын және қалай осыншама табысқа жеткендігін айтады. Оның құрылғанына 10 ғана болған компаниясының табыс айналымы 1 млрд доллар. Сонымен бірге, жұмыс барысымен таныстырды. Кітап тұтынушыға да, қызметкерге де қуаныш сыйлайтын компания құру және барлығы ұнатып, сенім білдіретін бренд ойлап табу туралы. Одан бөлек, кітапта Zappos кәсіпорнын құрудағы қателіктер жайлы да айтылады.
Қайдан алуға болады: Алматы қаласындағы «Книжный Город» немес «Академкнига» дүкендерінен сатып алуға болады. Сонымен қатар, bookcity.kz және spr.kz сайттарынан онлайн тапсырыс беру арқылы алдырта аласыз.
Бағасы: «Академкнигада» - 4960 теңге, «Книжный Город» дүкенінде - 4800 теңге.
«Өз ізіңді қалдыр» (Оставь свой след)
[caption id="attachment_65949" align="alignnone" width="337"] Фото: mann-ivanov-ferber.ru[/caption]Авторы: Блейк Майкоски
Не туралы: Бұл кітапты ғаламтор арқылы аяқ киім саудасымен айналысатын тағы бір компаниясы иесі жазған. Тони Шей секілді Блейк Майкоски да өзінің бизнес тарихын баяндайды. Оның TOMS кәсіпорны табысты әрі сәтті компаниялардың бірі. Алайда Майкоски ерекше жүйемен жұмыс жасайды. Ол әрбір сатып алынған тауарға, балалар аяқ киімін сыйлыққа береді. TOMS – әлеуметтік жауапты бизнес үшін жақсы мысал болады. Ол өз кәсібінде How принципін үйлестіре білген. Ол не істеу керек деген емес, қалай істеу керектігі маңызды деген принцип. Ад кітап – әлемді өзгерткісі келетін адам үшін тамаша құрал.
Қайдан сатып алуға болады: «Оставь свой след» кітабы қазіргі уақытта Алматы қаласы дүкендерінде сатылымда жоқ екен. Алайда, арнайы , meloman.kz, flip.kz, bookcity.kz, spr.kz сияқты ресми сайттардан тапсырыс бере аласыз.
Бағасы: 5800 теңге
«Көгілдір мұхит стратегиясы» (Стратегия голубого океана)
[caption id="attachment_65950" align="alignnone" width="345"] Фото: .ozon.ru[/caption]Авторы: Чан Ким, Рене Моборн.
Не туралы: Бизнес түсінігімен қатар жүретін сөздердің бірі – бәсекелестік. Қалыпты бәсекелестіктің еш зияны жоқ, керісінше ол кәсіпкерді жігерлендіріп, компанияның алға жылжуына себеп болады. Ал егер шектен тыс бәсекелестік болса, не істеу керек? ойыннан шығу қажет пе әлде соңына дейін күресу керек пе? Кітап авторлары оның екеуін де істеудің қажеті жоқ дейді. Оның орнына жаңа идея ойлап табу керек.
«Көгілдір мұхит стратегиясы» жай ғана бизнес туралы кітап емес. Ол – философия. Ол – осы бағытпен жүрудің ерекше жолы.
Қайдан сатып алуға болады: Алматы қаласы «Академкнига» және «Книжный Город» дүкендерінен сатып алуға болады.
Бағасы: «Академкнига» - 7490 теңге, «Книжный Город» - 10100 теңге.
«Дәнекер» (Rework)
[caption id="attachment_65951" align="alignnone" width="342"] Фото: rocketmind.ru[/caption]Авторы: Джейсон Фрайд және Дэвид Хайнемайер Хенссон.
Не туралы: Кітапта бизнес ашуға немесе дайын жобаны жүзеге асыруға қажетті кеңестер ұсынылған. Авторлар жас кәсіпкерлерде жиі туындайтын сұрақтардың жауабын жазған. Онда жоспар, бизнес өсімі, оның оптималды көлемі т.с.с. ақпараттар берілген. Бизнес әр түрлі болады. Кітапта бұған нақты дәлелдер келтірілген.
Қайдан сатып алуға болады: «Rework» Алматы дүкендерінде сатылымда жоқ екен. Дегенмен кітапты Ресейден тапсырыс беру арқылы алуға болады.
Бағасы: 4800 теңге.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024