Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Заң шығару жұмысын тым белсенді жүргізуді қою қажет – депутат

Заң шығару жұмысын тым белсенді жүргізуді қою қажет – депутат

Алматы. 8 ақпан. 7 kun.kz – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова заң шығару жұмысының басты кемішіліктерін атады.

«Қазіргі реформаларға байланысты біз отандық заңнаманы үнемі өзгертіп отырамыз. Әрине, өзгерістер мен толықтыруларды енгізген дұрыс. Бірақ заңдардың көптігі құқықтық қарым-қатынастарды реттеп, заң үстемдігін қамтамасыз етіп отыр деп айта алмаймыз. Өкінішке қарай, осы салада жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Әлі күнге дейін терең талдау жасалмайды, қоғамдық пікір ескерілмейді, соңғы шешімдердің зардабына кәсіби тұрғыда баға берілмейді. Осыдан кейін басымызды тауға да, тасқа да соғып жатамыз», - деді С.Бычкова ҚР Әділет министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Депутаттың айтуынша, заң шығару жұмысын тым белсенді жүргізуді қою қажет. Себебі нормативтік актілер арасындағы қарама-қайшылықтар көбейіп келеді. Ал өзекті мәселелерді шешу шаралары кейінге қалып жатады.

«Ашығын айту керек, біз сиясы кеппеген заңдарға қайта өзгеріс енгізгенімізге талай рет куә болдық. Жаңа заңға қаншама өзгерістер мен толықтыруларды енгіздік. Біз осы «аурудан» әлі айыға алмай келеміз. Ал өзгерістер неге енгізіледі? Себебі бас кезінде заңның өзі асығыс қабылданды. Сосын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы алып тастағаны дұрыс емес. Аталған шара бірқатар xалықаралық келісімшарттарда көрсетілген», - деп атап көрсетті С.Бычкова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы