Ташкент. 18 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылдың өткен 7 айында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы сауда 35 пайызға өсті. Бұл туралы президент Назарбаев Ташкентте БАҚ өкілдері үшін брифинг кезінде мәлімдеді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Назарбаев екіжақты бағыт бойынша қатынастарды жандандыру өзара тауар айналымына оң ықпал етіп, соның нәтижесінде екіжақты сауда айналымы өскенін айтады.
"2020 жылға қарай тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу міндеті қойылды. Осыған орай, Үкіметтерімізге пайдаланылмаған барлық резервті жұмылдыру жөнінде тапсырма берілді" , - деді.
Қазақстан президенті сондай-ақ энергетика саласындағы инвестициялық серіктестік пен ынтымақтастықты кеңейту қажеттігіне назар аударды.
"Орта мерзімдегі перспективада бірлескен 2-3 ірі инвестициялық жобаны іске асыруға уағдаластық. Елдеріміздің газ саласындағы ынтымақтастығы тиімді дамып келеді. Үкіметтерімізге екі жақтың мүддесіне сәйкес жаңа газ жобаларын әзірлеу тапсырылды", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент Назарбаевтың сапары кезінде, екі елдің үкіметтері өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар экономикалық құжаттарға қол қойған.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024