Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан 493,4 млн долларға бидай сатты

Қазақстан 493,4 млн долларға бидай сатты

Алматы. 18 желтоқсан. 7kun.kz - 2017 жылдың қаңтар-қазан аралығында Қазақстан 3,1 млн тонна бидайды 493,4 млн долларға экспорттады деп хабарлайды LS.kz.

2016 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда бидай экспорты 13 пайызға, ал одан түскен табыс көлемі 12,7 пайызға артқан.

Ең көп көлемдегі бидай экспорты Өзбекстанға (1,2 млн тонна) және Тәжікстанға (798,7 мың тонна) жасалады. Сондай-ақ, Қытайға 10 айдың ішінде 232,7 мың тонна бидай сатылған. 2017 жылы Ауғанстанға 179,9 мың тонна, Қырғызстанға 177,1 мың, Италияға 191,7 мың тонна бидай жөнелтілген.

Похожие материалы