Алматы. 27 маусым. 7kun.kz – Өзбекстан қазақстандық бензинді алатын алғашқы ел болады. Бұл туралы Kazenergy бас директоры Болат Ақшолақов мәлімдеді.
Ол Алматыда өтіп жатқан «Argus Қазақстан мен Орталық Азияның мұнай-газ нарығы 2019» атты халықаралық конференция барысында отынның бірінші партиясын биылғы жылдың шілде айында жіберуді жоспарлап отырғанын айтты.
«Барлық бензиндер әлемдік бағамен экспортталады, олар арзан сата алмайды, трансфер шарттары бойынша жұмыс істейтін болады, ең алдымен шілде айында қазақстандық бензин жеткізілімдері теориялық түрде жеткізілетін болады, менің ойымша, бірінші партия Өзбекстанға жіберіледі», - деп түсіндірді Ақшолақов.
Ол сондай-ақ Беларусь, Армения және Қырғызстанмен әзірге жеткізу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.
Бұдан басқа, Ақшолақов мұнайды есепке алудың ақпараттық жүйесін әзірлеу туралы айтып берді. Оның айтуынша, енгізу екі кезеңде жүзеге асырылады.
«Есеп жүйесінің бірінші кезеңін 2021 жылы, екіншісін 2022 жылы енгізу жоспарлануда. Қазіргі уақытта тұжырымдама бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп қосты Ақшолақов.
Ол құжатта қондырғының құнын және олар қандай ұңғымаларда орнатылатынын көрсетуі керек екенін атап өтті.
«Қазақстанның барлық ұңғымаларын есептеу құралдарымен қамту шамамен 500-600 млн долларды құрайды», - деп қорытындылады Ақшолақов.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024