Бүгін Қазақстанның Өзбекстандағы жылы аясында Ташкентте Өзбекстандағы Қазақстан медицинасының күндері басталды. Екі күндік шараға еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бастаған 70-тен астам делегат, Үкімет өкілдері қатысуда. Олардың қатарында отандық жетекші медициналық ұйымдар мен клиникалардың бірінші басшылары, санаторлық-курорттық ұйымдардың қызметкерлері, фармкомпаниялар, медициналық университет ректорлары бар.
Форумға Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Басқарма төрайымы Риза Боранбаева, Педиатрия блогының басшысы Гүлнар Абдилова, ғылыми орталықтың ең мықты, жоғары санатты хиругтары: Хирургия бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Ахпаров пен Онкология бөлімінің меңгерушісі Бахрам Жумадуллаев қатысуда. Форумның пленарлық мәжілісінде Педиатрия орталығының басшысы Р.Боранбаева «Қазақстандағы Педиатрия — мүмкіндіктері мен келешегі» тақырыбында баяндама жасады.
Шараның басты мақсаты — Өзбекстан мен Қазақстан денсаулық сақтау жүйелері арасындағы ынтымақтастықты күшейту, медициналық ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайту, екі елдің азаматтарына медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету жолында тәжірибе мен біліммен, инновациялар мен технологиялармен алмасу.
Іс-шараның бірінші күні форум және қазақстандық медицина жетістіктерінің көрмесі өтеді. Форум барысында Қазақстандағы медицина саласындағы реформалар, практикалық медицинада қолданылатын инновациялар мен озық технологиялар таныстырылып, отандық медицинаның мүмкіндіктері мен жетістіктері баяндалатын презентациялар жасалынатын болады. Диалогтық алаңда медициналық туризмді дамыту, онкологиядағы заманауи ядролық технологияларды қолдану, ана мен бала денсаулығын сақтау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамыту, денсаулық сақтау саласындағы цифрландыру және т.б. медицинадағы өзекті мәселелер талқыланады.
Іс-шараның екінші күні Ташкенттегі жетекші медициналық ұйымдарда шеберлік сыныптары мен консультациялар өткізіледі.
Форум аясында ұйымдастырылатын медициналық көрмеде Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы реформалары мен медицинадағы жаңа технологиялары таныстырылады.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жетекші мамандары шеберлік сабақтарын өткізіп, Өзбекстан азаматтарына тегін медициналық кеңес берді. Орталық делегаттары кеше, 20 қараша күні Ташкентке келіп, бірден Гематология және қан құю орталығындағы әріптестерімен кездесті. Орталықтың дәрігерлері мен Өзбекстанның аймақтық мамандары үшін арнайы сүйек кемігін трансплантациялау нәтижелері туралы баяндама жасап, Педиатрия орталығының қызметімен таныстырды.
Кездесу барысында Педиатрия орталығының дәрігерлері гематология және онкогематология бөлімімен танысып, ауыр жағдайда жатқан балаларды қарап, кеңестерін берді.
«Педиатрия және балалар
хирургиясы ғылыми орталығы»
баспасөз қызметі
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024