Түркістан облысы. 30 қараша. 7kun.kz – Контрабанда және заңсыз көші-қонды ұйымдастырумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды 7kun.kz.
ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті ҰҚК-нің 5 департаментімен бірлесіп, Өзбекстанмен шекаралас Түркістан облысының «Қазығұрт» кеден бекетінде өздерінің қылмыстық қызметін жүзеге асырған топты ұстады.
Қылмыстық топ кеден бекетіндегі жемқор қызметкерлердің көмегін пайдалана отырып, «брокерлік қызметтер» көрсету деген желеумен тауарларды жалған құжат бойынша заңсыз әкеліп жүргені атап өтілді.
«Бір жүк көлігі кедергісіз кіріп-шығуы үшін тасымалданатын жүкке байланысты 200 мың теңгеге дейін ақы алынған, бұл кейіннен тауар құнының өсуіне әсер еткен. Тәулігіне кеден бекеті арқылы 150-ге жуық автокөлік өткен», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар қылмыскерлер көрші елдің азаматтарына мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуіне қылмыстық қолдау көрсеткен. Жедел қызметкерлер бүкіл қылмыстық схеманы анықтап, құжаттады.
«Бір мезгілде тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, атыс және суық қарудың түрлері, «қара кассаның» есепке алу жазбалары, шетел азаматтарының паспорттары, арнайы техникалық құралдар тәркіленді», – делінген хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, кінәлі адамдарға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі қарастырылуда.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024