Ташкент. 28 шілде. 7kun.kz - Гүлнара Каримоваға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылды. Оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл туралы Өзбекстанның ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасы мен бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
Гүлнара Каримоваға қатысты біреудің мүлкін иелену, жер учаскелері мен радиожиілікті ресурстарға қатысты алаяқтықтар, шетел валютасын жасыру, кедендік заңнама мен сауда ережелерін бұзу, жалған құжат жасау, қылмыстық қызметтен түскен кірістерді заңдастыру сынды фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр.
"Каримова Гүлнараға Өзбекстан Республикасының 168, 178, 182, 189, 228 және 243-баптары бойынша айып тағылды, оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Каримоваға айып дәлелденген істердің негізінде тағылып отыр, сол істердің ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың, куәгерлердің, жәбірленушілердің жауаптары және ұйымдасқан топтың бақылауындағы 14 фирма мен 16 оффшор компаниясының қызметін тексеруден, жазбаша және заттай айғақ ретіндегі тәркіленген айғақтар мен сараптамалардың қорытындылары бар", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Мемлекет пен азаматтардың мүддесіне екі қылмыстық іс бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы - 1 триллион 270 миллиард 200 миллион сом, 1 миллиард 651,8 миллион доллар, 26,1 миллион еуро (ұлттық валютадағы жалпы сома - 3 триллион 746,8 миллион сом) делінеді. Еске салайық, Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Каримов 2016 жылдың қыркүйегінде 78 жасында өмірден озған еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024