Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Астанада үздiк кәсiпорындарға Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алтын сапа» сыйлығы табысталды.
2017 жылы «Алтын сапа» байқауында 101 компания бақ сынады. Сыйлықтар «Үздiк инновациялық жоба», «Үздiк индустриялық жоба», «Сапа көшбасшысы», «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халыққа тауар шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызмет көрсететiн үздiк кәсiпорын», «Азық-түлiк және ауылшаруашылық өнiмiн шығаратын үздiк кәсiпорын» аталымдары бойынша берiлдi.
ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаев бастаған жоғары лауазымды тұлғалар қатысқан шарада «Алтын сапа» сыйлығы, негiзiнен, Қазақстанның өңiр-өңiрiнен келген кәсiпорындарға табысталды. Атап айтсақ, «РауанНалко» ЖШС, «Каскор-Машзавод» АҚ, «Алматы өнiмi» ЖШС, «Жаркент Крахмал-сiрне зауыты» ЖШС, «Planta» ЖШС, «Медикер – өнеркәсiп медицинасы» ЖШС, «Дефектоскопия» ҮЕҰ ЖШС, «Скулбас» ЖШС, «Avagro» ЖШС, «Giessenhaus» ЖШС, «Recycling Company» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС, «Абзал және Компания» сыйлыққа ие болды.
«Алтын сапа» сыйлығы 12 жыл қатарынан байқау негiзiнде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы мен олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы жетiстiктерi, сондай-ақ, менеджмент жүйелерiн енгiзгенi үшiн, үш жыл сайын берiледi. Байқау ұйымдастырылғаннан бері 12 жылда Мемлекет басшысының сыйлығын 86 кәсiпорын иеленген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024