Астана. 30 қараша. 7kun.kz – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2023 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады, деп хабарлайды 7kun.kz.
БЖЗҚ мәліметінше, 2023 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктіліктің жаңа шегі жас мөлшеріне байланысты 3-10 миллион теңгеге дейін болады.
Кейбір шекті мәндердің өзгеруі оларды есептеу кезінде жыл сайын индекстелетін ең төменгі жалақы, ең төменгі зейнетақы, ең төменгі күнкөріс деңгейі сияқты әлеуметтік көрсеткіштердің ескерілуімен түсіндіріледі.
Мсәлесен, зейнетақы қорындағы жинақтың бір бөлігін алу үшін 20 жастағы азаматтың шотында 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағы азаматтың шотында 4 миллион 580 мың теңге болу керек.
«2023 жылға ең төменгі жалақы 70 мың теңгені, ең төменгі зейнетақы 53 076 теңгені, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері 24 341 теңгені, ең төменгі күнкөріс деңгейі 40 567 теңгені құрайды деп көзделген. Шекті мәндерді есептеу кезінде ескерілетін басқа да әлеуметтік маңызды көрсеткіштердің де мөлшері көтерілді», – делінген хабарламада.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024