Алматы. 9 наурыз. 7kun.kz - 2016 жылы квазимемлекетік ұйымдардың облигациясына салынған зейнетақы активтері 378,4 млрд теңге болды. Бұл туралы БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестің сұрауына жауап берген Ұлттық банктің хабарламасында жазылған.
Квазимемлекеттік сектордағы 10-15 жылдық облигацияларға инвестиция салынған, сыйақы мөлшерлемесі - 14,0%-18,6% аралығы. Нақты айтқанда төмендегі компаниялардың құнды қағаздарына инвестиция салынған.
- "Қазақстан Даму банкі" АҚ облигацияларына 212,5 млрд теңге, жылдық табыс мөлшерлемесі - 14,1%.
- "ҚазАгро" АҚ облигацияларына 68,4 млрд теңге, жылдық табыс - 14,5%.
- "KEGOC" АҚ облигацияларына 47,5 млрд теңге, жылдық табыс - 18,6%.
- «Қазақстан темір жолы» АҚ облигацияларына 50 млрд теңге, жылдық табыс – 16,9%.
БЖЗҚ-дан алынған қаржының қайтарылатындығына «Лизинг ҚДБ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ринат Ғаппаров уәде берді. "Жобаларымыз БЖЗҚ есебінен қаржыландырылып отыр. Ақша «Қазақстан Даму банкі» АҚ-ның облигацияларын 17,5 млрд теңгеге 10 жылдық мерзімге шығардық. Ол қаржы вагон-платформалар сатып алынуға жұмсалды. «Лизинг ҚДБ»АҚ оларды сатып алып, «Вагонқұрылысменеджмент» ЖШС-ға лизингке береді. Яғни қарыз толығымен қайтарылғанға дейін платформалар «Лизинг ҚДБ» АҚ-ның иелігінде болады", - деді ол журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Оның сөзінше, бұл БЖЗҚ-ның қаржысына іске асырылып жатқан бірінші жоба. Қаңтарда «Лизинг ҚДБ» АҚ 1,28 млрд теңге көлеміндегі алғашқы төлем алынған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024