Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ж.Ертаевқа Ресейде тұруға берілген  құқығының күші жойылды

Ж.Ертаевқа Ресейде тұруға берілген  құқығының күші жойылды

Алматы. 29 маусым. 7kun.kz - Бас прокуратура Ресей Федерациясынан «РБК Банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевты экстрадициялау бойынша шараларды қабылдауда.

Естеріңізге сала кетейік, банк қаражатынан 160 млн АҚШ долларын жымқырғаны үшін оған қатысты іздестіру жарияланғанын еді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша 2018 жылғы 14 маусымда Мәскеу қаласының Пресненск аудандық соты тағайындаған «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы 2018 жылдың 8 қарашасына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, біздің өтінішхатымыз бойынша Ресейдің ІІМ-нің Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының 2018 жылғы 6 маусымдағы шешімімен Ертаевқа 2017 жылғы қараша айында Ресей Федерациясында тұруға берілген құқығының күші жойылды.

Ресейлік әріптестермен өзара әрекеттестік арқылы Бас прокуратура Ертаевты Қазақстанға экстрадициялау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

Похожие материалы