Бала көтеруден қорғайтын дәрілердің әлеуметтік тұрғыда орасан зор өзгерістерге себеп болғаны шындық. Олардың негізгі функциясы әйелдердің қоғамдағы орнын ерлермен теңестіру еді. Бірақ бұл таблеткалар ХХ ғасырдағы дамыған елдердің экономикасына едәуір өзгерістер әкеліп, әлеуметтік қана емес, экономикалық та төңкеріс жасады. Түсінікті болуы үшін контрацептив-дәрілердің әйелдерге не бергенін талдап көрейік.
Экономикалық төңкеріс
Бұл дәрілер пайда болған соң әйелдер жүкті болу және болмау туралы тәуелсіз әрі еркін шешім қабылдай бастады. Дәріні ешкімге байқатпай ішуге болатындықтан, бұл әйелдің ешкім қол сұқпайтын жеке шаруасына айналды.
Алғаш рет АҚШ-та 1960 жылы аталған дәрілерді қолдануға рұқсат берілді. Осыдан бес жыл өтпей жатып-ақ тұрмыс құрған америкалық әйелдердің жартысына жуығы бала тууды өз бақылауында ұстауға мүмкіндік беретін дәрілерді пайдалана бастады.
[caption id="" align="aligncenter" width="624"] Planned Parenthood ұйымы бүкіл Америка бойынша жүктілікке қарсы дәрілер туралы ақпарат таратты. Сурет BBC сайтынан алынды.[/caption]Бірақ контрацептивті дәрілерге тұрмыс құрмаған әйелдердің қолы жеткенде, яғни бойжеткендердің аяқ астынан жүкті болып қалуы азайған тұста ғана нағыз экономикалық төңкеріс жасалды.
Бала күтімінен “босаған” әйелдер оқуға түсе бастады. Олар осыған дейін тек ерлерге ғана тән болып келген юриспруденция, медицина, стоматология, бизнес-әкімшілік секілді мамандықтарды меңгерді.
1970-жылдары дипломы бар дәрігерлердің 90 пайызы ерлер болды. Ал юриспруденция мен іскер-әкімшілік салаларында - 95%, дантистердің тіпті 99 пайызы ер адамдар еді.
Кәсіби мансап
70-жылдардың аяғында “жүктіліктен қорғайтын дәрімен қаруланған” әйелдер жаппай ерлерге тиесілі мамандықтарды меңгерді. Бастапқыда студенттердің 20 пайызы әйелдер боса, 80-жылдарға таман олардың үштен бір бөлігін әйелдер құрады.
Сәйкесінше осы мамандықтарда жұмыс істейтін әйелдердің де саны артты.
Бірақ бұған дәрінің не қатысы бар деп ойланып отырған шығарсыз? Әйелдер өздері қалаған уақытта жүкті болу мүмкіндігіне ие болған соң, мансап қуып, кәсіби жетістікке жете бастады.
[caption id="" align="aligncenter" width="624"] Гарвард университетін бітіруші мына арулар алдымен кәсіби жетіліп одан кейін ғана бала туралы ойлау қалыпты жағдай деп есептейді. Сурет BBC сайтынан алынды.[/caption]Некеге мораторий жариялау
Әрине, егер әйел оқып, одан әрі мансап қуғысы келсе жыныстық қатынастан бас тартуына да болар еді. Бірақ ол кездегі америкалық әйелдердің көпшілігі олай еткісі келмеді.
Себебі жігіттердің көпшілігі ерте үйленетін. Ал мансап қуғысы келген 30 жастағы әйел үшін өзіне лайықты ер азамат табу мұң болып қалады.
Дәрілер мұның барлығын өзгертті. Адамдар кеш үйленетін болды. Бұл дәріні пайдаланбайтын әйелдерге де қатысты еді. Нәзік жандылар қай кезде бала туу қажет екенін өздері таңдайтын болды. Осы уақыт аралығында арулар кәсіби жетістікке жетіп үлгереді.
Табыс көлемінің ұлғаюы
Гарвард экономистері Клаудия Голдин мен Лоренс Кац жүргізген зерттеудің нәтижесіне сүйенетін болсақ, феминизмнің ұлғаюы мен аборттың заңдастырылғаны емес, дәл осы жүктіліктен қорғайтын дәрілер әйелдердің кәсіби жетілуіне мүмкіндік берген.
Голдин мен Кац белгілі бір штатта аталмыш таблеткалар қолжетімді бола бастағаннан-ақ кәсіби оқу курстарына түсетін әйелдерің саны көбейгенін, сәйкесінше, олардың табысы да артқанын зерттеп білген.
Бірнеше жыл бұрын экономист Амалия Миллер егер әйел 20-30 жас арасында бала тууды бір жылға кейін шегерсе оның өмір бойғы табысы 10 пайызға артатынын есептеп шығарған. Бұл жоғары білім мен кәсіби мансаптың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
[caption id="" align="aligncenter" width="624"] Жапониядағы ерлер мен әйлдер арасындағы теңсіздік ол жерде жүктіліктен қорғайтын дәрілерді пайдалануға таяуда ғана рұқсат берілгенімен байланысты.[/caption]Қазір америкалық әйелдер Жапонияға қарап шүкіршілік айтса болады. Әлемнің технологиялық жағынан ең дамыған елдірінің бірі Жапония 1999 жылға дейін жүктіліктен қорғайтын дәрілерге рұқсат берген жоқ.
Америкалық “құрбыларымен” салыстырғанда жапониялық арулар аталған дәрілерге 39 жылдан кейін ғана қол жеткізді.
Егер дәрілердің пайда болуын екі буынға кешіктірер болсақ, әйелдер үшін мұның экономикалық ауыртпалығы орасан зор болар еді.
Ия, бұл дәрі түймедей ғана, бірақ ол әлемдік экономиканы түбегейлі өзгертуге қауқарлы.
Тим Хартфорд BBC
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024