Алматы. 12 тамыз. 7kun.kz - Қазақстандық жұмыс берушілер енді өз қызметкерлері туралы ақпаратты eGov порталы арқылы ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов айтты.
Мәселен кез келген мекеме жұмыс берушіден мекен-жай анықтамасын талап етпей, тікелей e-gov порталынан алуына мүмкіндік бар. Порталға алдымен смс-өтініш түседі сосын сізге келген смс хабарлама арқылы құжат түрін нақтылай аласыз. Мұндай жаңашылдық келер жылдың басында қолданысқа енеді.
Айта кетейік6 бұл жерде бір ғана қызмет түрі емес, бірнеше қызмет түрі туралы анықтама алуға болады.
«Біздің офиске келген адамнан мекенжай туралы анықтама сұрамаймыз. Ол біздің базада бар. Болашақта анықтама беру мен сұратуға шектеу қоюды ұсынып жатырмыз. Цифрлы Қазақстан жобасы бойынша анықтаманы үшінші жақта алуына мүмкіндік туады. Ең бастысы сіз рұқсат беруіңіз керек», - деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» МК басшысы Абылайхан Оспанов.
Одан бөлек келер жылдан бастап бірыңғай анықтама нөмірі енгізіледі.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл ел азаматтары үшін барынша тиімді. Енді барлық мәліметтерді бір ғана 1414 телефон арқылы аласыз. Осылайша Бас прокуратура, Ішкі Істер минстрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Білім министрлігі туралы ақпаратты бірыңғай coll-орталыққа қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024