Елімізде 2015 жылдың қыркүйекайының соңында жұмыссыздар қатарына 62,4 мың адам тіркелді. 2014 жылғы бұл көрсеткіш 55,9 мың адам болатын. Осылайша, жыл ішіндегі жұмыссыздар саны 11,6%-ға өсті.
Қырқызстанда жұмыссыздардың саны 2%-ға азайып 56,7 мың адам болды. Ал қалған нде жағдай әлдеқайда нашар болып тұр. Беларусь еліндегі қызметсіздер саны бір жылда екі есеге артты (21,8 мыңнан 43,7 мың адамға дейін). 2015 жылдың қыркүйегінде Ресейде 919 мың адам жұмыссыз болды. Алайда бұл көрсеткіш өткен жылы 759,7 мың адам болған. Демек, ресейлік жұмыссыздардың саны 15,5%-ға артты. Сонымен қатар, Армениядаға қызметсіздердің саны 21,4%-ға көбейіп, 74,9 мың адамды құрады.
Қорыта айтқанда, ЕАЭО елдеріндегі жұмыссыздардың саны 160 мың (+16%) адамға өсіп, 1,15 млн адамнан асып кетті.