Экономика
Жүргізуші куәлігін сатып алғанын айтқан қыздың жазбасын ІІД тексеріп жатыр
Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz - Instagram-ға Алматы тұрғыны Әйгерім Фазылова өзіне жүргізуші куәлігін сатып алып берген әкесіне рахмет айтқан жазба салған еді. Интернет-қолданушылар арасында қоғамдық шу туғызған жазбаны қалалық ІІД тексереді деп жазады Today.kz.
Блогер Яков Федоров фейсбуктегі парақшасында жүргізуші куәлігіне қатысты пост салған еді. Жазбада Әйгерім Фазылова есімді қолданушы өзіне әкесінің жүргізуші куәлігін сатып алып бергенін айтқан. Осыған қатысты ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек әкімшілік полициясы қазір арнайы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
"Бұл ақпарат қаралып жатыр. Алматының әкімшілік полициясы басқармасының қызметкерлерін қостық. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді Салтанат Әзірбек.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024