Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ж.Түймебаев: ОҚО жеміс-жидек пен көкөніс "отанына" айналуы тиіс

Ж.Түймебаев: ОҚО жеміс-жидек пен көкөніс "отанына" айналуы тиіс
Шымкент. 4 қараша. 7kun.kz – ОҚО әкімі Ж. Түймебаев пен «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев Қазығұрт ауданының кәсіпкерлік және шаруашылық жұмыстарымен танысып қайтты. Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметі хабарлады.  Олар ең алдымен Шарапхана ауылдық округінің маңында орналасқан фаст-фуд өнімдерін өндіретін ЖШС «Lotus Food Company LLC» кәсіпкерлігіне барды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін биоорганикалық тыңайтқыштар өндірумен айналысатын зауыттың қызметімен танысты.  Оның құны - 472 млн теңге, жылына 620 мың қаптама өндіреді. Дәл осы жобаны Қазақстанның барлық қалаларынан ашу жоспарланған. Зауытта 48 адам жұмыс істейді. Индустриалық аймақтағы жеті  жобаға 5,8 млрд теңге бөлінді. Биыл «Индустриалық карта» бағдарламасы бойынша  722,7 млн теңгеге екі жоба іске асырылды. Атап айтқанда газоблок шығарумен айналысатын «Отырабат Құрылыс» ЖШС  жобасы (құны 120,0 млн теңге) және майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығаратын ЖШС «Асыл Бастау КZ» жобасы( құны 602,7 млн теңге). Сонымен қатар делегация Қызылқия ауылдық округінде орналасқан,  500 га аумақты алатын “Амангелді” кәсіпорнына барды. Өсірілген алма, өрік, шие, шабдалы және жүзім. тек Қазақстан аумағына ғана емес, Өзбекістан, Тәджікістан, Ауғанстан елдеріне экспортталады. "Бір іс-сапары барысында мемлекет басшысы облыстың  нағыз жеміс-жидек пен көкөніс «орталығы» болуға барлық мүмкіндіктері бар деп атап өткен еді. Ол үшін біз серіктестеріміздің тәжірибесін пайдаланып, бау-бақша шаруашылығын дамытуымыз қажет", - деп атап өтті облыс әкімі Ж.Түймебаев.

                                                                   Толғанай АЙТКЕНОВА “7”

Похожие материалы