Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі магистратура бойынша жаңа арнайы оқу бағдарламаларын әзірлеп жатыр, олардың аясында 10 млрд теңге жалпы соммасына зертханалар салынатын болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мекеменің вице-министрі Балықбаев Тақыр хабарлады.
"Бүгінгі таңда арнайы оқу бағдарламалары, атап айтқанда профильді магистратура бойынша бағдарламалар дайындалып жатыр. Осы жылы 1900 орын, келесі жылдан бастап 2,5 мыңнан 3 мыңға дейін орын бөлінеді. Осы оқу орындары үшін арнайы оқу бағдарламасы мен арнайы зертханалар дайындалуда", - деп мәлімдеді ол. Бұған қоса вице-министр бұл бағдарламалар индустриаландырудың екінші бесжылдығы үшін кадрларды даярлауға бағытталғанғандығын айтты.
Балықбаев Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дегі "Ғарыш техникасы мен технологиясы", Агротехникалық университеттегі "Құрылыс материалдарының өндірісі", "Азық-түлік өнеркәсібі", әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі "Өнеркәсіптік химия", "Ақпараттық технологиялар", "Ғарыш мониторингінің жүйелері" секілді бағыттарды мысал ретінде келтірді. Қазір осыларға арнап әлемдік деңгейдегі арнайы ғылыми зертханаларды жасақтау үшін қаржы бөлініп отыр.
"Бұл металургия, инженерлік бейіндегі, мұнай химиясының, азық-түлік өнрекәсібінің, машина жасау зертханалары және басқа зертханалар. Осы мақсаттарға "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 10 млрд теңге қаражат бөлініп отыр, және осы жылы оқу бағдарламаларын жасау үшін 950 млн теңге жұмсалмақ. Биылдан бастап жаңа бағдарламалар бойынша магистратураға қабылдап бастаймыз", - деп нақтылады Т.Балықбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024