Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Жағдай ерекше бақылауда»: ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуалға қатысты пікір білдірді

«Жағдай ерекше бақылауда»: ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуалға қатысты пікір білдірді

Астана. 23 қыркүйек. 7kun.kz –  Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы Қазақстанға келетін шетел азаматтарының саны артуда. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Орнатылған 30 автокөлік бақылау бекеті қалыпты жұмыс істеуде. Жолаушылар мен көліктер ағынының артуына байланысты кептеліс байқалады. Жағдай ерекше бақылауда», – делінген хабарламада.

Ведомство хабарлауынша, Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

«Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады», – делінген хабарламада.

Похожие материалы