Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жалған банкир мыңнан аса адамды алдап кеткен

Жалған банкир мыңнан аса адамды алдап кеткен
Полиция Ұлыбританияның корольдік банкі делінген заңсыз мекеме арқылы қазақстандықтарға кепілсіз несие ұсынған алаяқты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ІІМ-нің Тергеу департаменті бір топ адамның алаяқтығы дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істің сотқа дейінгі тергеуін жүргізіп жатыр. Тергеу кезінде Ибраев Қуаныш Жұмакелдіұлының 2012 жылдың қарашасынан бастап 2013 жылдың желтоқсаны аралығында Астана қаласында "Респект" ЖШС-ны және еліміздің өңірлерінде оның филиалдарын құрғаны анықталды, ол өзінің компаниясы ағылшынның BANK OF KINGDOM банкімен келісім бойынша төмен пайыздық ақы бойынша 1 000 евроға дейін кепілсіз несие ұсынатыны туралы тұсаукесер өткізген. Бұдан кейін ол өзінің өкілдері арқылы несие беру жөнінде шарттар жасасқан және әрбір азаматтан 75 мың теңге бастапқы ақшалай жарна алып, жасырынып кеткен. Алданған адамдардың болжалды саны мыңнан асып отыр. Қазіргі уақытта Ибраев ұсталды және қамауда отыр. ІІМ Тергеу департаменті Ибраев ашқан "Респект" ЖШС фирмасына алданған адамдарды облыстық ішкі істер департаменттеріне және қалалық ішкі істер басқармаларына не болмаса ҚР ІІМ Тергеу департаментіне хабар беруді сұрайды: Астана қаласы Тәуелсіздік көшесі,1, тел. +7-7172-72-21-07 мекенжайына көрсетілген компания ресімдеген өтініштер мен құжаттарды ала келу қажет.  

Похожие материалы