Астана. 6 сәуір. 7kun.kz – Астанадағы туроператор Доминандық мемлекеттерге және Біріккен Араб Әмірліктеріне жалған билеттер сатқан. Бұл туралы bnews.kz хабарлады.
2016 жылы Астанада «Voyagetours» ЖШС туристтік компаниясының иесі 23 жастағы әйел заңсыз баю мақсатында, жалған ақпарат беру арқылы «Instagram» желісінде жарнама жасаған. Жарнамада Доминандық мемлекеттерге және Біріккен Араб Әмірліктеріне арзандатылған жалған билеттер сататынын жазған.
Астана сотының баспасөз қызметі «Туристтік қызмет көрсету мүмкіндігі жоқ бола тұра, алдау, сенімге қиянат жасау арқылы сотталушы төрт жәбірленушіге тиесілі қаражатты иемденген. Материалдық шығын 4 455 334 теңгені құраған», - деп мәлімдеді.
Сот талқылауы барысында келтілірген шығынды айыпкер өз еркімен өтеді. Жәбірленушілер сотталушыға бас бостандығынан айырмайтын жаза беруін өтінді.
Аудандық сотының үкімі бойынша №2 Есілдік аудан 13 наурыз 2017 жылы айыпкер М. 190 б. 3 п. (түсінбедім) 1 ҚР ҚК бойынша сотталды.
Аудандық соттың үкімі бойынша ҚР Заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бесінші жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 13.12.2016 бастап, нақты түрде 2 жыл 4 ай мерзімде шартты түрде бас бостандығынан айырды.
Үкімге шағым түсірілмей заңдық күшіне енді.